Ақтөбедегі Қобда ауданының екі ауылы әлі де жарықсыз отыр

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қобда ауданы Байтақ және Жарық ауылдарында жарық жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланып, қазіргі кезде шығынды есептеу жүріп жатыр.

Мұндағы жағдаймен танысып, тұрғындармен кездесу үшін ҚР ТЖМ Юрий Ильин де келіп, көмек жан-жақты көрсетілетінін айтты.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, әлі де 17 үй су астында тұр.

«Барлығы 3 үй құлады. Әлі күнге дейін 17-і су астында тұр. Тағы 4 үй ішінара құлаған. Жалпы 79 үйге, 22 үйдің аулаға су кірді. Су кетпей, су сорын аяқтамай нақты ақпарат айту қиын. Бұл үйлерде 316 адам тұрады. Оның 107-і балалар. Мектеп жасындағы 64 бала «Күншуақ» лагерінде демалады», - деді Қобда ауданы әкімінің орынбасары Арман Қабылов.

Қобда ауылындағы Бай тақ және Жарық ауылдарында жарық жоқ. Байтақ ауылында 23, ал Жарық ауылында 82 үй бар.

«Біз қолдан келгенше жұмысты жеделдетуге күш саламыз. Бірақ су ағысы қатты. Қазір жел де күшейіп тұр. Жарық ауылына жарық беру үшін арнайы бригада күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмыс ертең де жалғасады. Байтақ ауылына жол жоқ. Құлағын бағаналарды қайта тұрғызуға техника бара алмаған соң дизельді генератор тауып қойдық. Жарықта жарық 19-наурыз күні сағат 08:30-да сөнді. Ал Байтақта электр тогы 13-наурыз күні үзілді»,- деді Қобда электрмен жабдықтау басшысы Жұмамұрат Жұбатқан.

Еске салсақ, Қобда ауылына 24 үй салынады. Су тасқыны зардап шеккен 75 отбасына 500 мың теңгеден берілді.


Соңғы жаңалықтар