Ақтөбедегі кей автобустарда жолақы екі есе арзандады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - VISA халықаралық төлем жүйесі бар жолаушылар 80 теңге емес, 40 теңге төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде қоғамдық көліктегі билет құны - 80 теңге. Жолаушылар тасымалымен екі компания айналысады. Олар: «Автопарк» және «Ақтөбе қаласының Жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС.

«Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС VISA халықаралық төлем жүйесімен бірге «Кез келген Visa картасымен жол ақысын төлеңіз және 50% жеңілдік алыңыз» атты акция бастады. Оның шарты қарапайым: VISA картасының иелері жол ақысын осы картамен төлеген кезде 50 пайыз жеңілдік алады. 80 теңге орнына VISA картасымен төлейтін жолаушы - 40 теңге, зейнеткер - 30 теңге төлейді. Жеңілдіктер тек №1, 2, 5, 8, 23, 32, 40, 45, 48, 51, 52 бағытындағы автобустарда қарастырылған», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар