Ақтөбедегі кен орнында 4 жұмысшы көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Хромтау ауданындағы кен орнында төрт жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 желтоқсан күні сағат 21: 21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнын барлау кезінде 4 жұмысшының қаза тапқаны және бір адамның зардап шеккені анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмысшыны медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты», -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар