Ақтөбедегі ірі компаниялар жұмысшыларының еңбекақысын өсіреді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысындағы ірі тау-кен, мұнай компаниялары жұмысшыларының еңбекақысын көтеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Восход-Oriel» ЖШС және «ҚазақОйл-Ақтөбе» ЖШС-і секілді ірі компаниялар 2019 жылы жұмысшыларының еңбекақысын көтереді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы тапсырмаға сай «Қазхром» ТҰК» АҚ-ы жалақыны 9-14 пайызға өсіреді. Ал «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-і 4, «Восход-Oriel» ЖШС-і қарапайым жұмысшыларының еңбекақысын 9 пайызға арттырмақ. «ҚазақОйл-Ақтөбе» ЖШС-і 7-10 пайыздық өсімді уәде етті.

«Елбасының азаматтардың әл-ауқатын көтеру бойынша тапсырмаларына сәйкес өңірдегі бірқатар кәсіпорындар мереке кезінде өз жұмысшыларына сыйақы береді. Ақтөбе облысындағы өнеркәсіп, мұнай-газ секторында, өңдеу саласында, құрылыс және жол-көлік индустриясында жұмыс істейтін 200-ге жуық кәсіпорын Мемлекет басшысының жалақы өсіру тапсырмасын қолдады. Биыл өңірдегі 53 ірі кәсіпорын мен компания еңбекақыны 7-20 пайызға дейін көтерді», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар