Ақтөбедегі Есет батыр кесенесіне апаратын жол жөндеуден өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Туған жерге тағзым» кіші бағдарламасы аясында Есет батыр кесенесіне апаратын жол жөнделді. Кәсіпкерлер көгалдандыру жұмыстарын да өз мойнына алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның киелі жерлер географиясы қатарына енген Есет батыр кесенесі Алға ауданының Бестамақ ауылында орналасқан. Мұнда жыл сайын жүздеген адам келіп, зиярат етеді. Мұнда шырақшыға арналған үй мен қонақ күтуге арналған орын, асхана салынды.

«2013 жылы Бестамақ ауылдық округіндегі Есет батыр Көкіұлының кесенесі жанынан жаңа мемориалдық кешен халық игілігіне пайдалануға берілді. Оған облыстық бюджеттен 144,5 миллионтеңге бөлінді. Мемориалдық кешенде музей, намазхана,180 орындық зал, 12 орындық VIP зал, ас үйі бар. Негізі Есет батыр кешені келушілер мен батырға тағзым етушілердің қайырымдылық көмегімен тұрғызылып, күтім жасалып отыр. 2008 жылы «Есет батыр мемориалдық кешені» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Бұл мақсатта бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Кешен тарихи ескерткіш ретінде тіркеліп, туристік маршрут бағдарламасына енгізілген. Елек өзені арқылы кесенеге өтетін жерге көпір тұрғызылған. 2017 жылы «Кроун Плюс» ЖШС-нің директоры Асылбек Салжановтың демеушілігімен жалпы құны 1,5 миллион теңгеге Елек өзені арқылы өтетін көпірдің тіреуі ауыстырылды. Сондай-ақ, кесенеге барар жолға «АқтөбеГорДорСтрой» ЖШС-нің директоры Асхат Айтжановтың демеушілігімен жалпы құны 8 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді»,- деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

null

Ал биыл «Туған жерге тағзым» кіші бағдарламасы аясында «Алғажолсистемс» ЖШС компаниясының директоры Константин Бошковтың жəне «ДСС Транс» ЖШС-нің директоры Арман Битегеновтің демеушілігімен жалпы құны 20 миллион теңгеге Есет батыр Көкіұлы мемориалдық кешенінің аумағына асфальт төселді. Сонымен қатар, «Парижская Коммуна» ЖШС-і 8 миллион теңге бөліп, ас беруге арналған күрке салды.

«Есет батырдың 350 жылдығына орай Алға ауданының сыйлы азаматтарының бірі «Актеп» ЖШС-нің басшысы Нұрлан Сағыналин 32 миллион теңге қаражы бөліп, Бестамақ ауылының кірі берісіне батырдың монумент ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің айналасы аббаттандырылды. Ескерткіштің биіктігі - 11,5 метр. Есет батыр мемориалдық кешенінің алдында «Бабек-Құрылыс» ЖШС-нің директоры Рахип Азизовтің демеушілік көмегімен жалпы құны 15 миллион теңгеге қақпа мен қоршау құрылысы жүргізілді. Демеушілердің көмегімен екі жыл бұрын шырақшыларға және келушілерге арналған кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын»,- деді аудан әкімі.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар