Ақтөбедегі емдеу мекемелеріне 220 оттегі концентраторы табысталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Shaniraq Aqtobe» және «Шұғыла» қоғамдық қорлары 220 оттегі концентраторын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Shaniraq Aqtobe» және «Шұғыла» қоғамдық қорлары бірігіп, «Owgels» оттегі концентраторының 220 данасын Ақтөбе облысының 19 ауруханасына табыстады.

«Қаржыны қарапайым адамдар, кәсіпкерлер жинады. Ақтөбе облысына берілген оттегі концентраторы өңір қажеттілігін толық өтеуге жетеді деп есептеп отырмыз. Бұған дейін де еріктілер ауруханаларға көмектесті. Ал емдеу мекемелері бізге өз қажеттіліктері туралы айтып берді», - деді қоғамдық қор құрылтайшысы Еділ Аймағамбетов.

Айта кетейік, оттегі концентраторы Қытай зауытынан тікелей жеткізілді. Тасымалдауға еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі қолдау көрсетті. Қазақстанға әкелінген 1 мың дана аппараттың 220-сы Ақтөбеге бөлінді.

«Қазіргі кезде коронавирус пен пневманияға шалдыққандар саны азайды. Провизорлық, инфекциялық стационарлардың 30-40 пайызында ғана емделушілер бар. Барлығы 3 мың кереуеттің 1 мыңында науқастар жатыр. Бұл жұмыла жұмыс істегеннің нәтижесі деп білеміз. Бүгін қоғамдық қор емдеу мекемелеріне жаңа оттегі аппаратын жеткізді. Көбін аудандарға жіберіп жатырмыз. Оттегі концентраторымен қамтамасыз ету заңдылыған сүйенсек, өңірге 684 аппарат қажет. Осы жолы қажеттілік 100 пайыз өтелді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров.


Соңғы жаңалықтар