Ақтөбедегі Елек өзеніне 46 мыңнан астам шабақ жіберілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Елек өзеніне 46 290 шабақ жіберілді. Балықтандыру жұмысына 3,9 миллион теңге жұмсалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Елек өзеніне шабақ жіберу жұмысы «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ-ға жүктелген. Металлургтер жыл сайын өзенді балықтандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Биыл 46 мыңнан астам шабақ өзенге жіберілді. Шабақ балық өсіруді қолға алған шаруашылықта арнайы бапталды.

«Металлургтер үш жылдан бері Ақтөбедегі Елек өзенін балықтандыруға үлес қосып келеді. Биыл зауыт әкімшілігі 3,9 миллион теңге бөліп, «Ардағым» шаруа қожалығынан тез көбейетін тұқы балықты сатып алуға тапсырыс берді. Кейін шабақ Елек өзеніне жіберілді. Көктемде біз зауыт аумағын абаттандырып, көгалдандырамыз. Ағаш отырғызып, экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу жолында еңбек етеміз»,- деді зауыттың энергетикалық қамтамасыз ету басқармасының инженер-энергетигі Оралхан Қауметов.

Айта кетейік, зауыт өткен жылы да 46 мыңнан астам тұқы балығының шабағын Елек өзеніне жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар