Ақтөбедегі Елек өзені жағасынан екі адамның денесі табылды, екеуінде де қинау белгілері бар

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі Елек өзенінің жағасынан екі адамның денесі табылды. Екеуін де қинап өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещановтың хабарлауынша, кеше сағат 20:14-те қалалық полиция бөлімі жедел басқару орталығына ақпарат түсті. Онда Кеңес Нокин даңғылы бойында орналасқан «Оазис» монша кешеніне қарсы беттегі Елек өзенінің жағасында белгісіз адамдардың денесі табылғаны айтылды.

«Келіп түскен ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына облыс прокуроры мен жедел тергеу тобы барды. Ағаштар арасынан 1991 жылы туған А. Көшкімбаев және 1995 жылы туған С. Тулеуовтың денесі табылды. Екеуін де қинап өлтіргенін дәлелдейтін белгі бар. Сол себепті, аталған дерекке байланысты Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры бақылауға алды», - деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.


Соңғы жаңалықтар