Ақтөбедегі букмекерлік кеңселерге 32 рет шабуыл жасалған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметі букмекерлік кеңселердің күзетін күшейтуді тапсырды. Себебі, соңғы 5 жылда Ақтөбедегі букмекерлік кеңселерге 32 шабуыл жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жергілікті полиция қызметі алып, сату орындарының қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Жергілікті полиция бастығы Қаныбек Жақсығалиев букмекерлік кеңселердің, ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерінің күзетін күшейтуді тапсырды.

«Букмекерлік кеңселерді арнайы лицензиясы жоқ адамдар күзеткен кездер де болды. Соңғы 5 жылдағы 32 оқиғаны саралай келе, күзетті күшейтіп, тіпті тұрғын үйдерге бейнебақылау камерасын қондыру туралы ұсыныс айтылып келеді. Кейбір тұрғын үйлерді камера бар, бірақ жұмыс істемейді»,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жергілікті полиция бастығы Қаныбек Жақсығалиев адамдар көп шоғырланатын, ақша айналымы жоғары коммерциялық ұйымдарға күзетті күшейтуге кеңес берді. Сонымен қатар, күзетті арнайы мекемелерге сеніп тапсыру керек.

Соңғы жаңалықтар