+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақтөбедегі букмекерлік кеңседен казино ашқан топ мүшелері сотталды

2021 жылғы 25 маусым 02:16
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі букмекерлік кеңседен казино ашқан топ мүшелері сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде букмекерлік кеңсе ішінде электронды казино ашқан 10 сотталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 2014 жылдан бастап электронды казино қызметін ұйымдастырған топты анықтап, қызмыстық істі сотқа жеткізді. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері заңсыз жолмен ақша тауып, пайдаға кенелмек болған.

«Олар «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңсесін ашқанымен, жасынын түрде электронды казино қызметін ұсынған. Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен қылмыстық топтың 5 мүшесі 2 жылға, қалған бесеуі 6 жылға сотталды. Заңсыз казинодан тәркіленген 3,5 миллион теңге ақша мен 400-ден астам ойын терминалы мен түрлі құрылғы мемлекет кірісіне өтті», - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT