Jańalyqtar
Ақтөбедегі боран: Жеңіл көліктерге жол ашылды
2019 жылғы 4 қараша 20:38
Бөлісіңіз:

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сағат 17:00-де жеңіл көліктерге «Самара - Шымкент» тасжолымен жүруге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көліктер қар құрсауында қалған кезде 15 патрульдік қызмет үздіксіз жұмыс істеді.
«Жергілікті полиция қызметі мен Ырғыз, Әйтеке би аудандарының полиция бөлімінен мамандар жіберілді. Боран мен көктайғаққа байланысты Ырғыз ауданындағы қиылыста - 200 көлік, Арал маңындағы жолда - 70, Қалыбай ауылы жанында - 20 көлік тұр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Облыстық ТЖД хабарлауынша, жеңіл көліктер қозғалысына рұқсат берілді.
Еске салсақ, қар құрсауында қалған көліктердің 98 пайызы қысқы доңғалақ салмай жолға шыққан.
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Ресейдің Домбай тау курортындағы қар көшкіні: 1 адам мерт болды
- Ыстанбұлды қар басып қалды
- Жамбыл облысында өрт сөндіруші бейтаныс әйелді ажалдан аман алып қалды
- Ақтөбенің үздік тергеушісі анықталды
-
Жамбыл облысында халыққа қауіп төндіретін 14 су қоймасы бар
-
Қызылордада коронавирусты негізінен орта жастағы кісілер жұқтырған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER