Ақтөбедегі автобус өрті: Жүргізушілер 5 жылға сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус өртіне қатысты қылмыстық іске үкім шықты, деп хпбарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде автобус өртіне қатысты айыпталып жатқан Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаевқа сот үкім шығарды.

«Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатовты Қылмыстық кодекстің 292, 345- баптарымен айыпты деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушылар 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылсын. Нұрлыбек Тілепбаев пен Бахадүр Пердебаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын», - деді Ырғыз аудандық сотының судьясы Серік Махамбетов. Бәрі жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде өтейді.null  

Сонымен қатар, сотталушылар жәбірленушілердің өкілдерінің әрқайсысына моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге беруі тиіс. Олар 1 ай ішінде азаматтық талапты қанағаттандыруы керек.

Еске салсақ, автобус өртіне қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», «Міндеттеріне адал қарамау», «Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару» баптарымен үш жүргізуші және механик, құрылтайшы айыпталып жатыр. Олар: Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаевтар. Сотталушылардың бәрі өз кінәсін мойындамады. Ал жәбірленушілердің сенімді өкілдері қаза болған әр өзбекстандыққа 150 миллион теңге моральдық өтемақы сұрады. null

Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Усман Орынбасарұлы сотталушыларды 5-7 жылдарға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Соңғы жаңалықтар