Ақтөбедегі автобус өрті: Жәбірленушілер ең ауыр жаза тағайындауды сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасты. Қаза болған өзбекстандықтардың ата-анасы айыпталушыларға ең ауыр жаза сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушы  Қырғызбаев, Пернебеков, Танатов, Пердебаев, Тілепбаевқа қатысты іс қаралып жатыр. Сот отырысы Ақтөбе және Түркістан облысы арасында бейнебайланыс арқылы жалғасты. Бұған дейін әр жәбірленуші өз құқықын өзі қорғаса, бұл жолы өзбекстандықтар қорғаушы жалдады. 

"Мен сотталушыларды танымаймын, араздығым жоқ. Біз әлі де балаларымыздың, туыстарымыздың өлгеніне сенбейміз, қолымызда ДНҚ сараптама қорытындысы жоқ. Өзім балам мен інімнен айырылдым. Олар бір үйдің асыраушысы болған соң айыпталушыларға ең ауыр жаза тағайындауды сұраймыз. Алдағы уақытта моральдық және материалдық шығынды анықтап, жеткіземіз",- деді жәбірленуші А. Хасаншаев.
Айта кетейік, сот отырысы кезінде өзбекстандықтар автобус өртінен  тірі қалған куәгерлермен кездеспегенін, сөйлеспегенін жеткізді. Ал прокурор Осман Орынбасарұлы екі өзбекстандық куәгерден жауап алынбағанын мәлімдеді.

Еске салсақ, Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Қазір 11 жәбірленушіден жауап алына бастады. Алғашында жәбірленушілер Ақтөбеге келгенімен, кейін олар Түркістан облысына ғана бара алатынын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар