Ақтөбедегі автобус өрті: Үкім шығатын күн белгілі болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус өртіне қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде автобус өртіне қатысты айыпталып жатқан Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаев соңғы сөздерін айтты. Олар сот отырысы кезінде өздеріне тағылған айыпты мойындамады. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қараша күні Самара-Шымкент тасжолындағы қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іске үкім шығарылады.

Еске салсақ, автобус өртіне қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», «Міндеттеріне адал қарамау», «Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару» баптарымен үш жүргізуші және механик, құрылтайшы айыпталып жатыр. Олар: Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаевтар. Сотталушылардың бәрі өз кінәсін мойындамады. 
Ал жәбірленушілердің сенімді өкілдері қаза болған әр өзбеестандыққа 150 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті.  Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Усман Орынбасарұлы сотталушыларды 5-7 жылдарға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Соңғы жаңалықтар