+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ақтөбедегі автобус өрті: Сотталушылар 5-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

2018 жылғы 30 қазан 12:38
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі автобус өрті: Сотталушылар 5-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус өртіне қатысты қылмыстық істің жарыссөзі басталды. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды 5-7 жылдарға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасы жатыр. Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Усман Орынбасарұлы сотталушыларды 5-7 жылдарға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сотталушыларға тағылған айып ауырлығы орташа қылмысқа жатады. Сотталушылар Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатовты 5 жыл бас бостандығынан және 7 жылға көлік басқару құқынан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз. Нұрлыбек Тілепбаевты 7 жылға бас бостандығынан айыруды, сот залынан қамауға алуды, Бахадүр Пердебаевты да 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймыз», - деді мемлекеттік айыптаушы Усман Орынбасарұлы.null

Еске салсақ, автобус өртіне қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», «Міндеттеріне адал қарамау», «Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару» баптарымен үш жүргізуші және механик, құрылтайшы айыпталып жатыр. Олар: Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаевтар.

Сотталушылардың бәрі өз кінәсін мойындамады.

Ал жәбірленушілердің сенімді өкілдері қаза болған әр өзбекстандыққа 150 миллион теңге моральдық өтемақы сұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT