Ақтөбедегі автобус өрті: Өзбекстандықтар қаза болған әр азамат үшін 150 млн теңге сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотқа қатысқан 22 жәбірленушінің өкілі қаза болған әрбір өзбекстандық үшін 150 миллион теңге моральдық өтемақы сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында автобус өртіне қатысты іс қаралып жатыр. Бүгін адвокат Ақжан Ақылова тікелей байланысқа шығып, жәбірленушілердің өкілдері қойған талапты оқыды.

«Сот отырысына қатысып, жауап берген Өзбекстанның 22 азаматы қаза болған адамдардың әрқайсысы үшін 150 миллион теңге моральдық шығын талап етіп отыр. Сонымен қатар, Өзбекстанның Наманған қаласынан келген Хатамов пен Мадрахимов тағы 20 адамның өтінішін жеткізді. Олар сотқа қатыса алмайтынын айтып, айыпталушыларға ең қатаң жаза беруін және моральдық шығын ретінде қаза болған әр адамға 150 миллион теңге сұрап отыр»,- деді қорғаушы Ақылова.

Еске салсақ, сот отырысы кезінде сотталушылар Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаев өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ. Барлығы өз кінәсін мойындамады. Қазіргі уақытта іс материалын зерттеу басталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар