Ақтөбедегі автобус өрті: Қорғаушылар істің облыс орталығында қаралуын сұрап отыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус өртіне қатысты негізгі сот отырысы әлі басталған жоқ. Қорғаушылар сот процесінің облыс орталығында өтуін сұрап, арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты қылмыстық істің сот алды тыңдалымы Ырғыз ауданында өтті. 

52 жолаушы қаза болған оқиға бойынша 5 адам айыпталып отыр. Олардың үшеуі жүргізуші, біреуі механик және автобус иесі. Қазіргі кезде автобус иесіне халықаралық іздеу жарияланып, өзге айыпталушылар Ырғыз ауданында соттың басталуын күтіп жатыр. Себебі, қылмыстық істі бастау мүмкін болмай тұр. Қорғаушылар сот алды тыңдалымы кезінде істің облыс орталығында қаралуын сұрады. Сот өтініш хатты қанағаттандырмай, қорғаушылар облыстық сотқа арыз түсірді.

«Ырғыз аудандық соты қылмыстық істі облыс орталығына беру туралы өтініш хатты қанағаттандырған жоқ. Шешімге қорғаушылар қарсы болып, облыстық сотқа арыз түсірді. Алдағы уақытта қорғаушылардың арызы облыстық сотта қаралады. Шешімнің қай уақытта шығатыны белгісіз»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар