+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақтөбедегі автобус өрті: Өзбекстандықтардың ата-анасы балалары қаза болды дегенге сенбейді

2018 жылғы 3 қыркүйек 12:07
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі автобус өрті: Өзбекстандықтардың ата-анасы балалары қаза болды дегенге сенбейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында автобус өртіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сот алды отырысы ауданда өтіп, негізгі талқылау облыс орталығына ауыстырылды.

Бүгін басты сот отырысына қаза болған өзбекстандықтардың ата-аналары келді. Олар қазақ тілін түсінбейтінін айтып, елшіліктен аудармашы жіберуді сұраған.

Ақтөбедегі автобус өрті: Өзбекстандықтардың ата-анасы балалары қаза болды дегенге сенбейді «Балам Адхамжан Маруфжонов пен немерем Авазбек Маруфжонов үшін сотқа келдім. Біз балаларымыздың бәрі тірі деп есептейміз. Себебі, менің немеремнің телефон нөмірі өшкен жоқ, әлі байланыс аясында тұр. Біз қазақ тілін білмейміз, сондықтан аудармашы сұраймыз. Қорғаушы да жалдамадық, біздің қорғаушымыз - Алла. Барлығы 11 адам келді. Бәрі баласын жоғалтқан»,- деді жәбірленуші Юлдузджон Ғаниева.


Айта кетейік, жәбірленушілер мен айыпталушылар БАҚ өкілдерінің сотқа қатысуына еш қарсылық көрсетпеді. Қазір сот отырысы жалғасып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT