Ақтөбедегі әскери институт ұжымы Жеңіс күні мерекесінде ардагерлерді құттықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты соғыс арлагерлерін құттықтап, Мәңгілік алауға гүл қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында ресми шара өтпеді. Бірақ қала тұрғындары Жеңіс күні Мәңгілік алауға жиналып, гүл қойды. Әлия Молдағұлова ескерткішіне тағзым етіп, Батырлар аллеясындағы Кеңес Одағының батырлары мүсініне ұрпақтары келді. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының бастығы Дәурен Қосанов та Мәңгілік алауға барып, гүл қойды.

«Ата-баба ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біз Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметовамен қатар соғысқа қатысып, азаттық үшін күрескен ардагерлерімізді үнемі жадымызда ұстаймыз. Олардың есімін айта беруге болады», - деді Дәурен Қосанов.

Әскери институттың тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасы мен әскери оркестр соғыс ардагерлерін құттықтауға арнайы барды. Олар Михаил Диденконың шаңырағына барып, азық-түлік себетіп тарту етті. Әскери оркестр соғыс жылдары рух берген әндерді шырқады.

«Өткен жылы төтенше жағдай жарияланып, ардагерлерді құттықтау мүмкін болмады. Ал биыл жеңілдік қарастырылды. Біздің міндет - құрмет көрсету. Ерлігіне, бейбіт күн сыйлаған батырлығына тағзым етіп, алғыс білдіру. Жыл сайын осы қалпымыздан танған емеспіз. Ардагерлерге бас иеміз», – деді әскери институттың тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының аға офицері Әлібек Ниязов.


Соңғы жаңалықтар