+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ақтөбедегі «алтын адам» Сармат тайпасының көсемі болуы мүмкін

2019 жылғы 12 қараша 20:17
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі «алтын адам» Сармат тайпасының көсемі болуы мүмкін

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Темір ауданы Тасқопа ауылында табылған ескерткіш бірер жыл бойы зерттелмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» кітабы таныстырылды Оралбай Әбдікәрімов: Тарихи сананың тамыры тереңде Әлдибастау әулиесі

Ә. Марғұлан атындағы археология институты Ақтөбе облысының ежелгі тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған бес ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырды. Соның бірі - ерте көшпенділердің элиталық ескерткіштерін археологиялық тұрғыда зерттеу.


«Тамыз айынан бастап үш ай бойы археологиялық зерттеу жүргізілді. Тасқопа ауылынан бірегей қорым табылып, құнды дүние табылды. Алтын бұйымдар көп шықты. Тоналғанына қарамастан жақсы сақталған екен. Қазба жұмысы кезінде топырағымен бірге алынды. Алдағы уақытта кешенді түрде жүргізіледі. Болжам бойынша сармат тайпасының көсемі жерлеген болуы мүмкін. Ескерткіш ерте темір дәуіріне жатады», - Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың Нұр - Сұлтан қалалық филиал директоры Талғат Маменов. Археологтардың айтуынша, қорымды тонау жиі кездеседі. Дегенмен бұл жолы табылған алтын бұйымдар ғылым үшін жаңалық ашуға жеткілікті. «Есік қаласында табылған «Алтын адамда« кейбір жәдігерге ағашқа алтын жалатылған болатын. Ал Тасқопада табылған жәдігерде темірге алтын жалатылған», - ғылыми қызметкер Дархан Байтілеуов.

Еске салсақ, Тасқопа ауылында «Алтын адам« табылды. Қорымның ертеректе тоналғанына қарамастан археологтар мұны сенсациялық жаңалыққа балады.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT