Ақтөбеде жылу мен ыстық су бағасы төмендеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Былтыр желтоқсан айында Ақтөбеде ыстық су мен жылу бағасы төмендеді. Ал биыл еліміз бойынша коммуналдық қызмет ақысына мораторий жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде коммуналдық қызмет бағасына мораторий жарияланды. Қазіргі кезде Ақтөбеде қаласында судың текше метрі 75,94 теңге. Кәріз суының текше метрі 60,23 теңге, орталықтандырылған жылу әр шаршы метріне 101,22 теңге. Ыстық су бағасы текше метріне - 176,55 теңге.

«Былтыр жыл соңында ыстық су мен жылу бағасы 10% төмендеді. Биыл сол күйі қалып отыр. Бұл қарапайым тұтынушылар төлейтін коммуналдық төлем бағасы. Электр тогы кВт/сағ 9,63 теңге, газ шаршы метріне 9,65 теңге. Барлығы қосылған құн салығын қоспай көрсетіліп тұр. Мораторий кезінде коммуналдық тариф көтерілсе, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Дерек тіркелсе, департаментке хабараласуға болады. Мораторий коммуналдық қызет көрсететін компаниялардың инвестициялық бағдарламаларына, жоспарлы жөндеу, құрылысына еш кері әсерін бермеуі тиіс. Бәрі жоспарлы түрде жалғасады. Егер мұндай жұмыс жүргізілмесе департамент Табиғи монополиялар заңнамасына сәйкес өз шешімін шығарады», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының басшысы Нұрлан Болатбаев.

Айта кетейік, 2020 жылы Ақтөбедегі 17 табиғи монополия субьектісінде заңбұзушылық анықталып, оларға 1,2 млрд теңге көлемінде өтемдік тариф бекітілді. Оның ішінде сумен жабдықтауға 84, кәріз жүйесі 9 млн теңге, ал жылумен жабдықтау бойынша 1 млрд 42 млн теңге.

«Мұнай-газ өнімдерінің бағасы да бақылауда. АИ-80 маркалы бензин бағасы литріне 89 теңгеден аспауы тиіс. Ал АИ - 92-93-ке 182, АИ-95-ке 215 теңге деп бекітілген. Дизельді отын құны литріне 230 теңгеден көтерілмеуі керек»,- деді Нұрлан Болатбаев.


Соңғы жаңалықтар