USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақтөбеде жылқышылар атысып, үш адам қаза болды

2017 жылғы 18 ақпан 14:26
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жылқышылар атысып, үш адам қаза болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Қызылбұлақ ауылдық округінде жекенің малын бағатын жылқышылар өзара атысып, үш адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Байғанин ауданына қарасты Жарқамыс және Қызылбұлақ ауылдық округінде екі адамның малын бағатын жылқышылар өзара атысқан. Лақтыбай және Түгіскен ауылының жылқышылары бұған дейін байланыс жасап, бір-біріне қатынап тұрған.
«Жылқы бағатындардың бірі Жаңатаң ауылынан. Бүгін марқұмның садақасы болып жатыр. Өзге екеуі басқа ауылдардан. Олардың арасында не болғанын ешкім білмейді. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізді. Бір адамды ұстады деп естідік. Ал жылқысын бақтырып отырған ауыл адамы қазір бақташы іздеп жүр»,- дейді ауыл тұрғыны Гүлшат Асанқызы.
Атыс кезінде үш жылқышының қаза тапқаны туралы ақпаратты Қызылбұлақ ауылдық округіндегі учаскелік полиция қызметкері растады. Қаза болғандардың бірі ауыл тұрғыны болса, екеуі Ақтөбе қаласынан екен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT