Ақтөбеде жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен 6 адам табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жылқы іздеуге шығып, хабарсыз кеткен 6 адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жоғалған ақтөбеліктер Қызылорда облысынан табылды. Оларды іздеуге Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Ырғыз аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты. Жоғалғандар Қызылорданың Арал ауданынан табылды. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды",- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні 33  бас жылқыны іздеуге шыққан 6 адам хабарсыз кеткенін жазған болатынбыз. Жоғалғандардың туыстары полицияға арыз жазып, іздеу жұмыстарын жүргізуді сұраған еді. 

Соңғы жаңалықтар