Ақтөбеде жыл сайын 1 мың көпбалалы отбасыға пәтер берілмек

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жыл сайын 1 мың пәтер беру жоспарланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақтөбе облыстық филиалында 93 мыңнан астам салымшы бар. Қазіргі кезде депозит қоры 45,6 миллиард теңгеге жеткен. Банк 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1717 пәтер берді. Биыл да жергілікті атқарушы органмен қатар жетім балаларды, жастарды, көпбалалы және толық емес отбасы санатындағы адамдарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жүреді. Сонымен қатар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Бақытты отбасы» бағдарламасы да іске асырылады.

«Елбасы тапсырмасымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 150 миллиард теңге бөлініп, көпбалалы аналарды баспанамен қамту қолға алынды. Бұл бағдарламамен 4 және одан да көп баласы бар отбасы, мүгедек баласы бар адамдар мен толық емес отбасы пәтер ала алады. Мәселен, баспана құны 10 миллион теңге болса, Ақтөбе қаласынан 3 бөлмелі пәтер алуға болады. 8 жыл бойы ай сайын 52,3 мың теңге, қалған 11 жылда 36 мың теңге төлейді. Осы жолмен жыл сайын 1 мың отбасыға пәтер беру жоспарланып отыр», - деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақтөбе облыстық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалеев.

Соңғы жаңалықтар