Ақтөбеде жыл басынан бері 300-ге жуық ерлі-зайыпты ажырасып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Биыл өңірде 273 отбасы ажырасып кетті. Олар көбіне себебін тума-туыстары мен бас қосқан екі адам арасындағы мінез қайшылығымен түсіндіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отбасы құндылығын насихаттау, гендерлік тендікті дамыту және отбасы институтын нығайту мақсатында «Отбасы құндылықтары – ортақ міндет» тақырыбында кәсіби медиатор, психологтар бас қосты.

Шара барысында мамандар қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, жұптар арасында тренинг өткізіп, кәсіби ақыл-кеңесін бөлісті.

Қазіргі кезде «Анаға тағзым» орталығында кәсіби мамандар, медиатор мен психологтар ажырасу жолындағы немесе тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шегіп жүрген отбасылармен бірге тығырықтан шығу жолын іздейді.

Жыл басынан бері орталық мамандары 600-ге жуық отбасына қолдау білдірді.

Орталықтын психологі Бибігүл Қалелдің айтуынша, мамандардың көмегіне жүгініп келген отбасының басым бөлігі шаңырағын сақтап қалады.

«Ажырасуға бел байлағандар нақты себебін айта алмайды. Тек отбасы ішіндегі түсініспеушілікті, ауыр сөздерді алға тартады», - дейді Бибігүл Қалел.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері 1863 жұп отбасын құрса, өкінішке қарай оның 273-і ажырасты.


Соңғы жаңалықтар