Ақтөбеде жүргізушіден ақбөкеннің мыңнан астам мүйізі тәркіленді

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы территориясында жеңіл көлік ішінен 416 дана мүйіз тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байғанин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде Байғанин ауданының Ноғайты аулынан шыққан «Ford Galaxy» автокөлігін тоқтатты. Рульде Батыс Қазақстан облысының 35 жастағы тумасы болды. Автокөліктің салонын тексеру барысында артқы орындықтан жалпы саны 416 дана ақбөкен мүйізі бар 3 қап табылдә және тәркіленді.

«15-қаңтар күні сағат 23:30-да тағы басқа топ ұсталды. Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылынан шыққан БҚО-ның 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota Crown» автокөлігі тоқтатылды. Көлік ішінде тағы адам болған. Автокөліктің салонын тексеру барысында артқы орындықтан 6 қорапқа салынған 643 дана ақбөкен мүйізі болды. Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің «Ақбөкенді заңсыз өндіру, жою, сол сияқты заңсыз өндірілген ақбөкенді немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.

ВИДЕО: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар