Ақтөбеде жүргіншінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында 40 жастағы жаяу жүргіншінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Орталық базар маңынды №20 автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 40 жастағы әйел оқиға орнында қаза болды. Полиция қызметкерлері осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жексенбі күні сағат 11:00-де 36 жастағы автобус жүргізушісі 40 жастағы жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақатынан көз жұмды. Медициналық сараптама кезінде жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды. Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеуге байланысты құпия сақталады»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар