Ақтөбеде жүргіншілер жолында баланы көлік қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласына 7 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Лада Ларгус» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 7 жастағы баланы қағып кетті.

«Кәмелетке толмаған бала Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерді тұрғын үй аумағында және аулаларда қозғалыс кезінде мұқият болуды ескертеді. Көлікті жол бойы мен балалардың ойын алаңына қоюға болмайды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына балаларды қараусыз қалдырмауға және жолда ойнау қауіпті екенін туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кеңес береміз»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы айналма жолда зейнеткерді көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар