Ақтөбеде жүрек-қан тамырлары ауруынан көз жұматындар көп

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығып, оның салдарынан көз жұматындар басым. Қазір өлім-жітімнің 23 пайызы осы дертке шалдыққандар арасында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде соңғы жылдары жүрек-қан тамырларының потологиясы жиі тіркеле бастады. Көбі дертінен айыға алмай, көз жұмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, жүрек инфаркті - мидағы қан айналымының бұзылуы көбіне өлімге әкеп соғады.

«Медицина саласының көрсеткіштеріне жүрек-қан тамырлары ауруы мен оның емделуі әсер етеді. Соған сәйкес өңірде жүрекке тікелей ота жасау қолға алынды. Өткен жылы 290 ота жасалып, 83 баланың жүрегі емделді. Жүрек соғу ырғағы бұзылған 28 адамға операция жасалды. Өлім біріншіден жүрек ауруында, екіншіден онкологиялық ауруларда жиі кезігеді. Адамдар өз денсаулығын тексертіп тұрса, қатерлі ісікті ерте анықтап, оны емдей аламыз. Мәселен, биыл 92 адамнан сүт безі дерті анықталды. Оның екеуі қатерлі болып шықты»,- деді Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, сүт безінің қатерлі ісігі дертінің бәрі скрининг кезінде анықталған. Яғни, 2016 жылы онкологиялық аурулардың 9,4 пайызы 4 сатыда ғана белгілі болып, дәрігерлер оларды дерттен айықтыруға көмектесе алмаған. Сонымен қатар, адамдардың өлімі жол-көлік оқиғасы кезінде де жиі тіркеледі екен.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 72 жас 4 айға жетті.

Соңғы жаңалықтар