Ақтөбеде жүкті болған әйел көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде 26 жастағы Инна Пилич көз жұмды. Екі апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өлімі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі баланың анасы Инна Пилич үшінші жүктілігі кезінде қатты науқастанып, жедел жәрдем шақырды. Алдымен 5 желтоқсан күні басы ауырып, жүрегі айнып, құсып жүрген науқасқа жедел жәрдем дәрігерлері емханаға баруға кеңес береді.

«8 желтоқсан күні басы ауырып, құсқан соң жедел жәрдемді тағы шақырдық. Жүктілігі 5-7 апта болды. Екінші шақыруда жағдайы нашарлай берген соң ауруханаға жатқызып, гинекология бөлімінде ем қабылдады. Ауруханада да ештеңе көмектеспеген соң жүктілікті тоқтатуға шешім қабылдадық. 12 желтоқсан күні ота жасалды. Аяғынан әрең тұратын адамды ауруханадан шығаруға келісім берді. Шарасыздықтан біз 13 желтоқсанда облыстық денсаулық сақтау басқармасына барып, өзіміздің жағдай туралы айттық. Үйге келген кезде басқармадан телефон шалып, қайта ауыруханаға жатыңыздар деді. Келесі күні ауыруханаға жаттық», - деді көз жұмған Иринаның әпкесі Татьяна Пилич.

Науқастың жағдайы 18 желтоқсан күні күрт нашарлап, есінен айырылды. Жансақтау бөліміне түскен соң түрлі анализ жасалып, тексеру басталды. Алғашында науқасқа Мальформациа Арнольда - Киари диазнозы қойылып, ем қабылдады, ал қайтыс болған соң менингоэнцефалит деп жазылды.

«Сіңлімнің менингоэнцефалитке шалдыққанын мәйітханада айтты. Бәрі дәрігерлердің салғырттығынан деп білемін. Облыстық прокуратура, денсаулық сақтау басқармасына шағым түсірдік», - деді Татьяна Пилич.

Қазір келіншектің өліміне байланысты облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

«Науқас гинекология бөлімінде ем қабылдады. Жүктілік кезінде созылмады аурулар қозып, күшейетіні белгілі. Қазір ештеңе айта алмаймыз. Гистология нәтижесінен соң нақты себебі анықталады. Ауруханада оған ем жан-жақты жүргізілді», - деді Ақтөбе облыстық медицина орталығының бөлім басшысы Замза Хайруллина.

Соңғы жаңалықтар