Ақтөбеде жүк көлігі үш тәуліктен бері жол жиегінде жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Самара – Шымкент» тасжолы бойында жүк көлігі бір бүйіріне аударылып қалды. Үш тәуліктен бері жүргізуші көмек сұрап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүк көлігі Самара-Шымкент тасжолында тұр. Ауа райы қолайсыз болып, жүк тиеген көлік жолдан шығып, бір бүйіріне қарай жантайып қалған. Көлік жүргізушісі - Қырғызстан азаматы. Шетелдік көмек сұрады. Қазір техникалық көмек қажет, көлік бұзылып қалған. Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бауыржан Нұрғалиев, Серік Сәрсенов және Бақдәулет Байділдин күні-түні жүргізушінің қасында болып, оған барынша қолдау көрсетіп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар