Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты. Жараланған жолаушыларды дәрігерлер қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбе қаласында жол-көлік апаты болып, жүк көлігі мен №21 және №45 бағыттағы автобустар соқтығысты.

«Самара-Шымкент тасжолында «Хово« маркалы жүк көлігі жылдамдықты бәсеңдетпей, №21 бағыттағы автобусқа соқтығысты. Сол кезде автобуста 45 жолаушы болған. №21 бағыттағы автобус қозғалып, ол №45 бағыттағы автобусқа соқтықты. Онда 33 жолаушы болған. Жол-көлік апатынан кейін жеті жолаушы түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына түсті», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбедегі Хромтау-Аққұдық тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, Nissan Teana автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Аққұдық ауылы маңында қарсы жолаққа шығып кетіп, Хромтау ауданының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Ваз-2115» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Одан бөлек, Nissan Teana автокөлігінің жүргізушісі мен «ВАЗ-2115» автокөлігінің үш жолаушысы Хромтау қаласындағы ауруханаға жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар