Ақтөбеде жүк көлігі қағып кеткен жүргінші мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті. Ол ауруханада мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолда жол-көлік оқиғасы болды. 44 жастағы қала тұрғыны түнде жолды кесіп өтпек болып, жүк көлігінің астына түсіп қалды.

«Жүк көлігінің жүргізушісі – Түркия азаматы. Ол Оңтүстік айналма жолмен жүрген кезде әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен жүргінші есін жимастан аурухана төсегінде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар