Ақтөбеде жүк көлігі 5 жасар баланы қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы кезінде 5 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КаМАЗ-65115» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының М. Жұмабаев көшесімен келе жатқан кезде жолды белгіленбеген жер арқылы кесіп өтпек болған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы кезінде 5 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар