Ақтөбеде жолдың жабылуы: Көліктер қысқа дайын емес

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазір Ақтөбе аумағында 600-ден астам көлік тоқтап тұр. «ҚазАвтоЖол» мекемесі алдағы 4-5 сағатта қозғалыстың қайта жанданатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 200-ге жуық көліктің жолда қалғанын хабарлаған болатынбыз. Жедел желі іске қосылып, мамандар жолда қалған адамдарға көмек көрсету жұмысын жалғастырып жатыр.

«Кеше ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Самара - Шымкент тасжолының Қарабұтақ-Қызылорда шекарасындағы бөлігі жабылды. Көріну жағдайы төмен болған соң полиция, төтенше жағдай және »Қазақавтожол« ЖШС-нің бірлескен келісім жасады. Біздің есеп бойынша Қарабұтақ ауылы маңында 400-ге жуық, тасжолдың 1132 шақырымындағы Калинин көпірінде 40-50 көлік және 1153 шақырымдағы Ырғыз бен Шалқар аудандарыные қиылысында 250 көлік тұр. Түні бойы қар тазалау жұмысы жүрді. Хабарлама берілгенімен көбі жолға дайындықсыз шыққан әрі қысқа арналған доңғалақтары салынбаған. Жеңіл көліктер көп кедергі келтіріп тұр. Ал жүк көліктері жол жабылғанда жиекке тұрып, қар ұстап қалды», - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК облыстық филиалының бөлім басшысы Әкімжан Өтемұратов.

Қар құрсауында қалған көлік алдымен 52 Өзбекстан азаматы жанып кеткен Қалыбай ауылы маңында тіркелді. Жол тазалаушылар түні бойы жұрыс істеп, 50 көлікті шығарды. Аумаққа «ҚазАвтоЖол» ҰК облыстық филиалынан 20 адам, 8 техника жіберілді.

«Жолда қалғандардың 98 пайызы жазға арналған доңғалақпен жүр. Жолаушылар да жеңіл киінген. Жүк көліктері тұрып қалған соң жолды жабуға тура келді. Қостанай мен Қызылордаға хабар берілді. Қазір адамдардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орнына үш трикол жіберілді. Құтқарушылар да жұмыс істеді. Полицияның 12 құрамы жолдарды жабу жұмысын жүргізді», - деді облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Қайрат Қасым Айта кетейік, жолда қалған көлік жүргізушілері кэмпингтер, дәмханаларға жеткізілді. Ауылда туған-туысы бар адамдар үйге кетті.

Соңғы жаңалықтар