Ақтөбеде жолды бөгеп тастаған сатушылар мен әкімдік ортақ мәмілеге келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Орталық базар өрт қауіпсіздігі талаптарына сай қайта жабдықталды. Базар әкімшілігі жолды кеңейтіп, бірнеше гидрант сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Орталық базар сатушылары өз сауда орындарынан айырылып қалмас үшін жолды жауып, талаптарын қойған болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, барлығы 200 сауда орны жабылып, қайта жарақтандыру туралы мәселе қозғалды. Себебі, төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігін сақтамаудың 32 дерегін анықтады.  Арада 20 күн өткенде жұмыс тобы базарға барып, қорытынды шығарды.

«Өрт сөндіретін көлікті базар ішіне кіргізіп, оның кедергісіз қозғалуы үшін қандай шара қолдану керек екенін анықтадық. Барлығы бес есік арқылы базарға кіруге болады. Ал көлік жүретін жолдың ені 2,5 метрден 5,3 метрге дейін кеңейді. Өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы анықталған деректердің бәрі ескеріліп, қалпына келтірілді»,- деді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Айболат Жаңабергенов.

Орталық базар әкімшілігі ұйғарым бойынша барлық талапты орындады. Төтенше жағдайлар қызметі тексеріп, бәрі ретке келгенін айтты. Өрт сөндіру көлігінің еркін жүруіне кедергі келтіретін 19 орынды алып, иелеріне базардың өзге жерінен орын берілді. Ал алдыңғы сауда қатарлары бір метрден кейінге ысырылды. Сол кезде жүретін жер аумағы кеңейді»,- деді Орталық базар директоры Еламан Итеғұлов.

Орталық базардағы өзгерісті облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қарап шықты. Әкімдік Орталық базар басшылығына алдымен адамдардың өміріне қауіп төндіретін кедергілерді жойып, жұмыс орнын түгел сақтауды тапсырған болатын. Бұл тапсырма толық орындалды.

null

«Базарда 10 жылдан бері сауда жасаймын. Өзім тұрған жер сол күйі сақталып, сауда қатары бір метр кейін ығыстырылды. Базар ішіндегі жол сол әдіспен кеңейді. Ешкім де орнын жоғалтпады, жұмыссыз қалған адам жоқ»,- деді Рано Әбдіразақова.

null

Соңғы жаңалықтар