+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ақтөбеде жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды

2019 жылғы 21 қараша 15:04
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ресейден Түркістанға бағыт алған автобус жолда тоқтап қалды. Жолаушыларды полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен жол тазалаушылар жылыту бекетіне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «КамАЗ-ға» соғылған екі автобуста 50-ге жуық жолаушы болған Мереке күндері елордада қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді Төтеншеліктер жолда қалған автобустың жолаушыларын эвакуациялады

Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолында бақылау жүргізген полиция қызметкерлері тоқтап тұрған автобусты байқаған.Тексеру барысында автобустың Ресейдің Самара қаласынан Түркістан облысының Сарыағаш қаласына бет алғаны анықталды. Салонда 55 жолаушысы бар автобустың жолда жылыту жүйесі қатып қалған. Патрульдік полиция жасағы, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен «Қазавтожол» мекемесінің мамандарымен бірлесіп, жолда қалған азаматтарды эвакуациялады.







«Автобустағы 55 жолаушыны Хромтау ауданына қарасты Бөгетсай ауылының ауылдық клубына жеткізді. Оларға ыстық шай беріп, тамақтандырып, орналастырды. Тәртіп сақшылары мен ТЖД қызметкерлері автобустың ақауын жөндеп, жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетіп жатыр. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Ақтөбе облысы полиция департаменті, ТЖД және жол қызметкерлері өзара жедел ақпарат алмасып, кептелістерді жою, төтенше жағдайлардың алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Ортақ ақпараттық байланыс орнады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT