Ақтөбеде жолаушыны ұрған автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында №24 бағыттағы автобус жүргізушісі жолаушыны ұрып тастады. Осы оқиғаға байланысты облыстық ІІД қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе қаласындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын «Автопарк» ЖШС жүргізушісі жолаушыны ұрып тастады. Оқиғаны сол автобус ішінде болған жолаушының бірі ұялы телефонына түсіріп, кейін әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Қала тұрғындарының наразылығын туғызған оқиғадан соң облыстық ІІД жүргізушінің ұсталғанын, қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жүргізушінің кім екені анықталып, Сазды полиция бөліміне жеткізілді»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі сол автобус ішінде болғанын, қоғамдық көліктің аялдамаларға тоқтау уақыты азайып, кондуктор адамдардың тез түсіп, мінуін талап еткенін және жолаушы өз аялдамасында түсіп үлгермегені үшін соққыға жығылғанын айтты. Ал «Автопарк» ЖШС бұл оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Водитель автобуса #24 избил пассажира, из-за того, что тот попросил его остановится на остановке Универа Жубановых. Он не остановился, пассажир попросил вернуть его деньги, на что водитель и кондуктор разозлились и избили парня прямо на улице Водитель это бородатый в чёрной футболке

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

Соңғы жаңалықтар