Ақтөбеде жолаушылар мінген шағын автобус аударылып қалды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы маңында шағын автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самара-Шымкент тасжолының 1157 шақырымында, яғни, Ырғыз ауылы маңында шағын автобус аударылды.

Автобус ішінде 21 жолаушы болған.

«Wolkswagen Crafter» маркалы микроавтобустың 37 жастағы жүргізушісі Қызылорда облысының шекарасынан Ақтөбе қаласына бағыт алған.

Ол жол-метеорологиялық жағдайды ескермей, тайғақ кезінде жолдың сол жағына аударылып қалды.

«Шағын автобус салонындағы 21 жолаушының ішінде үшеуі - кәмелетке толмаған бала. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жолаушы жараланып, Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді«,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласында да екі көлік соқтығысып, жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.




Соңғы жаңалықтар