Ақтөбеде жолаушылар автобусы өртеніп кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе-Хромтау бағытындағы жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самара-Шымкент трассасымен жолға шыққан Ақтөбе-Хромтау бағытындағы жолаушылар көлігі түскі сағат 12:06-да өртенген. Өрт қозғалқыштан шыққан. Қазір өрттің негізгі себебі анықталып жатыр.

«Хромтау қаласынан 35 шақырым жерде жолаушылар автобусы өртенді. Автобус ішінде 35 адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылардың бәрі Ақтөбеден қосымша шыққан көлікке отырғызылып, Хромтауға жеткізілді. Қазір өрттің негізгі себебі анықталып жатыр», - деді облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік тіл және ақпараттық тобының бас маманы Динара Атыраубаева.

Айта кетейік, өрт 14:20-да сөндірілді. Өрт сөндіруге 1 техника мен 5 адам жұмылдырылды.

 

Соңғы жаңалықтар