Ақтөбеде жолаушылар автобусы мен КамАЗ соқтығысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қоғамдық көлік пен КамАЗ соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін кешкілік Ақтөбе қаласының орталығында ірі жол апаты болды. Таяуда ғана қалалық маршрутқа шығарылған №21 бағыттағы автобус бетон араластыратын КамАз көлігімен соқтығысты. 

Салдарынан жаңа автобустың терезелері сынды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

«Қазір нақты кімнің кінәлі екенін айта алмаймын. Полиция тергеуге кірісті. Автобустағы үш жолаушы жеңіл жараланып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді»,- деді «Автопарк» ЖШС-ның заңгері Руслан Жылқаманов.

Оқиғаға куә болғандар жол апатының видеосын әлеуметтік желіде бөлісуде. 

null 

Соңғы жаңалықтар