+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ақтөбеде жол жиегіндегі  жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті

2021 жылғы 28 қыркүйек 14:36
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жол жиегіндегі  жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті. Ол оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелден әкелінген көлікті неге сенімхатпен сатып алуға болмайды Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адам мерт болды Ресейден әкелінген 250 көліктің мойнында сот ауыртпалығы бар болып шықты

«КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі тіркемесімен мал базары маңындағы айналма жолда жылдамдықты бәсеңдетпей, бір адамды сүйреп кетті. Қаланың 39 жастағы тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жаяу жүргіншілердің жол апатынан алған жарақаты көбінесе ауыр зардаптарға әкеледі. Сондықтан жаяу жүргінші ережелерді білуі және қатаң сақтауы керек. Белгіленген орындарда жолды кесіп өту, жарық шағылыстыратын элементтер кию, жол жиегімен тек көлік қозғалысына қарай жүру маңызды. Жүргіншілерге арналған жол нашар болса да түнде жолдың бойымен жүруге болмайды. Бұл өте қауіпті», - деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT