Ақтөбеде жол салынбай тұрып, қаржы бөлген шенеуніктерге қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Шалқар қаласындағы төрт көшені жөндеу кезінде шенеуніктер қателік жіберген. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Шалқар ауданы әкімдігінің бірнеше қызметкеріне қатысты істі тергеп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабымен іс қозғалды.


«2018 жылы Шалқар қаласының Тұңғатаров, Боранбайұлы, Бостандық және Қарағұл көшелерінің жолын жөндемей тұрып, жұмыстарды қабылдап, мемлекеттің 29 миллион теңгесін аударып жіберген. Бұл деректі облыстық тексеру комиссиясы анықтады. Қазір сот-экономикалық сараптама тағайындалды. Іске қатысты адамдардан жауап алынып жатыр», - деді Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Жәнібек Төребеков.

Соңғы жаңалықтар