Ақтөбеде жол ережесін бұзған полицейге қатысты тексеру басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде республикалық маңызы бар тасжолда жол ережесін бұзған полиция қызметкеріне қатысты тексер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Самара-Шымкент тасжолында болған. Әлеуметтік желіге жарияланған бейнематериалдан полиция қызметкері көлігінің қайта-қайта қарсы бетке шығып кеткені анық көрінеді. Сонымен бірге бірнеше рет өз өмірі мен өзгеге қауіп төндіріп, соңында жол бойынан шығып кеткен.


Осы оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді.

«Аталған жайт бойынша қызметтік тексеру басталды. Видеода жол ережесінің бұзылғаны көрінеді. Уақыты анықталып, кейін қызметкер заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар