USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды

2021 жылғы 19 қазан 12:11
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жұмысшыны қағып кетіп, ауыр жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан өзі және жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда автобус бағдаршамда екі адамды қағып кетті Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті Түркістан облысында әкесінің көлігін айдап кеткен бала апатқа ұрынды

Оқиға 18 қазан күні болды. «Самара-Шымкент» тасжолының Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы маңында «ВАЗ-2115» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан аумаққа кіріп кеткен. Жылдамдықты бәсеңдетпеген жүргізуші сол жерде жұмыс істеп жүрген 49 жастағы адамды қағып кетті.

«Кейін қарама-қарсы бағытта тұрған «FAW» маркалы автокөлікке соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші жолаушы мен жұмысшы Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT