Ақтөбеде жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол апаты болып, жедел жәрдем көлігіндегі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбе қаласының ағайынды Жұбановтар көшесінде Toyota Camry көлігі мен жедел жәрдем машинасы соқтығысты. Салдарынан жедел жәрдем көлігіндегі адам ауруханаға түсті.

«Toyota Camry көлігінің 74 жастағы жүргізушісі қиылыста негізгі жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Мейірбике жараланған. Ол жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев таратқан мәліметке сүйенсек, көлік ауруханаға тиесілі. Онда науқас болмаған. Сонымен бірге көлік ішінде мейірбике емес, жеткізуші болған. Ол дін аман.

Осыған дейін Ақтөбе облысында 100-ден астам жол-көлік апаты тіркелгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар