+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды

2020 жылғы 13 тамыз 12:01
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бірнеше жол апаты болды. Көлік жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді Павлодарда үш көлік соқтығысып, жүкті әйел мен 8 жасар бала жарақат алды Блокпостағы апат: Қаза тапқан полицейдің әйелі кінәліден 37 млн теңге талап етті

Оқыс оқиға 11 тамыз күні сағат 18:40-да «Ақтөбе-Богословка» трассасы бойындағы Сазды ауылы маңында болған. «Opel Vectra» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып «Toyota Camry» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Opel Vectra» автокөлігінің екі жолаушысы ауыр жарақаттан жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. «Toyota Camry» автокөлігінің 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі тексеруден өтіп, біреуі ауруханаға жатқызылды.

«Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Тексеру кезінде өткен жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Тағы бір жол апаты «Самара-Шымкент» тасжолында болды. «Аudi 100 C4» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қарсы бағытқа шығып, «Iveco МІ 80E» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Осы оқиға бойынша да сот алды тергеу жұмысы басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT