Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тапты

None
None
АҚТӨБЕ. Қазақпарат – Ақтөбеде жеңіл көлік жүк көлігіне жол бермей, оқиға орнында үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 16:00-де «ВАЗ 2110» маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында «ЗИЛ 130» маркалы жүк көлігіне жол бермеді. Екі көлік соқтығысқанда үш адам мерт болды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы (19 жастағы қыз бен 62 жастағы әйел) оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы мен 1 жасар бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды сұрайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар