Ақтөбеде жол апатынан ресейлік азамат қаза тапты

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, ресейлік азамат көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самара-Шымкент тасжолының 999-шақырымында жол-көлік апаты болды.

Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылы маңында жол жиегіне шығып кетіп, көлігі аударылып қалған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмып, 1983 жылы туған екінші жолаушы Әйтеке би ауданының орталық хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында қозғалыс ережелері талаптарын сақтауға және жүргізушілерге шаршаған немесе ауырған жағдайда көлікке отырмауға кеңес береді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбеде алаяқтық дерегі жиіледі. Зейнеткер әлеуметтік желі арқылы өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырған белгісіз біреуге 36 млн теңге ақшасын аударып жіберді.

Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды.



Соңғы жаңалықтар