Ақтөбеде жол апатынан екі адам мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық бағытындағы жолда көлік аударылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 1 қыркүйек күні сағат 18:25-те Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық автожолында болды. Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны қаладан Шұбарқұдық ауылына қарай бағыт алған. «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қозғалыс бағыты бойынша оң жағына аударылып қалды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы алған дене жарақатынан көз жұмды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар